Хабар телеарнасы

Нұсқабай Жұманов

Нұсқабай Жұманов

Атамның үлкен ағасы Нұсқабай Жұманов (1921 жылы туған) Моңғолия жерінде Жеңіс күнін тойлаған кезде, сол елдің басшысы Чойболсанның ықыласына бөленгенін, қол алысқанын мақтанышпен айтып отыратын болған. «Ұлы Отан соғысы» орденімен наградталған және Гоби шөлінен өтіп, жапондарды талқандағаны үшін «За боевые услуги» орденімен марапатталғанын білеміз. 1977 жылы Гречкодан құттықтау алуы ауылда керемет оқиға болған екен. Себебі қорғаныс министрі Нұсқабай атамның дивизия командирі болған.

Жұманов Нұсқабай соғысқа бастан аяқ қатысып, елге 1946 жылы жапон милитаристерін тізе бүктіруімен аяқтап, жеңіспен оралған.

Аталарымызға мың алғыс! Тағзым етеміз!

Авторы: Мадина Ахметова