Хабар телеарнасы

Касенгазин Габбас (1912-1974 жж.)

Касенгазин Габбас (1912-1974 жж.)

1909 жылы Жарма ауданының Еңірекей болысына қарасты, қазіргі Үшбиік ауылының батыс жағында 40 км жердегі Апатай деген қыстақта Өзбехан болыстың Кенжегүл Қасенғазының Торғай деген бәйбішесінен туады.

1925 жылы ауылдағы бастауыш мектепті бітіріп, Семей педагогикалық техникумына түсіп, 1930 жылы бітірген. Техникумнан кейін Жарма ауданында Қапанбұлақта, 1934 жылы Георгиевкада, 1937 жылы Рудник Балажалда мектеп директоры болды.

1942 жылы Совет армиясы катарына шақырылған. 1945-1946 жж. Германиядағы әскери аккупациялық қызметте, миномет ротасының командирі болған. Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысқан. 1946 жылы аға лейтенант атағын алып, соғыстан қайтты.

1947 жылдан кейін Аякөз айданының Қарақол, Мыңбұлақ орта мектептерінде қызметін атқара жүріп, Алматы қаласындағы Қазақ педагогикалық институтының жаратылыстану факультетінің география бөлімін бітірген. 1958 жылы Семей педагогикалық институтын бітірген.

1959 жылдан 1963 жылдары Қарағаш ауылындағы Жамбыл Жабаев атындағы сегіз жылдық мектептің директоры болды.

Өнегелі, білікті басшы мектептің материалдық базасын, оқу-тәрбие жұмысын аудан көлемінде жоғары деңгейге жеткізіп, «Қазақ ССР-і оқу ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды. 1963 жылы сәуір айынан бастап Аякөз ауданына қарасты Таскескен ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры болып ауысты. 1972 жылы құрметті зейнеткерлікке шықты.

Қарт ұстаз 1974 жылы өмірден озды. Елі жұрты қадірлеген еңбек, соғыс ардагері.

1992 жылы Таскескен ауылының бір көшенің аты берілді.

Алған наградалары:

  1. «Қызыл жұлдыз» ордені 1947ж.
  2. «Берлинді алған үшін» медалі 13.01.1946 ж.
  3. «Германияны жеңгені үшін» медалі 06.05.1946 ж.
  4. «Тың жерді игеру» медалі 20.10.1956 ж.
  5. «Ұлы жеңістің 25 жылдық» медалі 23.02.1966 ж.
  6. «Қарулы күштің 50 жылдығы» медалі 26.10.1967 ж.

Авторы: Касенғазы әулеті