Хабар телеарнасы

Есембаев Кенембай

Есембаев Кенембай

Менің атам Есембаев Кенембай – Ұлы Отан соғысының  ардагері. Ол кісі 1924 жылдың 19 қазынында ШҚО, Үржар ауданы, Егінсу ауылында дүниеге келген. 1942 жылы соғысқа шақырылған. Өз естелігінен:

«Бізді Үржардан Аягөзге дейін 50 шақырым жердей жаяу апарды, поездға салып жіберді. Барған жылы Москва қаласында снайперлік винтовканы атуды үйретті. Жаяу әскер қатарында болдым».

1942 жылдан 1946 жылға дейін 76-атқыштар полкінде болды. Ол кісі 1949 жылы елге оралды. Менің атам өз ғұмырында ашаршылықты да, жетімдікті де, майдан даласын және бейбіт күнді де көріп кетті. Атам өзінің балаларына, немере-шөберелеріне сарқылмас тәлім-тәрбие берді. Бізді Отанды шексіз сүюге үйретті. Ата, біз сізді жақсы көреміз және сізбен мақтанамыз!

Авторы: немересі Кенембаева Ақтоты