Хабар телеарнасы

Байкөбеков Сыдық Өтімұлы (1924-1998 жж.)

Байкөбеков Сыдық Өтімұлы (1924-1998 жж.)

Сыдық Өтімұлы Байкөбеков 1942 жылдың аяғына таман 18 жасында соғысқа алынып, 1 Украин майданының 255-гвардиялық танкіге қарсы артиллериялық жою полкінде көздеуші, бөлімше командирі қызметін атқарған. 1944 жылы сұрапыл шайқаста басынан ауыр жарақат алады. Соғыс жылдары Батыс Украинаның Львов қаласын, Польшаның Краков қаласын, Чехословакия, Германия, Австрия жерлерін фашистерден азат етуге лайықты үлес қосып, майдан даласында көрсеткен ерліктері үшін Сталиннің Алғыс грамотасымен, І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында германияны жеңгендігі үшін» және Кеңес Одағының Маршалы «Г.К.Жуков медальдарымен», сондай-ақ соғыстан кейінгі Жеңіс күніне арналған барлық мерейлі медальмен марапатталған.

Авторы: немересі Байкубекова Фариза Қалабайқызы