Хабар телеарнасы

Шахметов Шамжан

Шахметов Шамжан

Менің атам, Шахметов Шамжан – Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол кісі 1906 жылы Көкшетау облысы, Щучинск ауданы, Боровое ауылында дүниеге келген.

1941 жылы Көкшетау облысы, Красноармейск ауданында соғысқа шақырылған.

718-атқыштар полкі, 139-атқыштар дивизиясы қатарында соғысты. Взвод командирінің көмекшісі болды.

18 – 24.03.1943 жыл күндері жауынгерлік қимылдары кезінде рота санитары жұмысын атқарып, 38 аса қатты жараланған жауынгерлер мен командирлерді қаруымен бірге және 4 жауынгерді қарусыз ұрыс алаңынан шығарып алған. Барлығы 42 адам ұрыс алаңынан шығарылды. Атамыз бұл ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.

10 – 18.08.1943 жыл аралығында жауға қарсы ұрыста өзін сабырлы, тәртіпті, батыл санитар ретінде көрсетті. Сол аралықта ұрыс алаңынан 61 жараланған жауынгерді қаруымен бірге шығарды. Аталған ерлігі үшін атамыз «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.

Әскери корреспондент Шахметов Шамжан атамызға арнаған өлең жолдары:

Коммунист и депутат Совета,

Бригадир колхоза «Жана-жол»

В первый день войны Шамжан Шахметов

Защищать страну свою ушел.

На прощанье взглядом степь окинув,

Знойный и безбрежный океан.

Мать-старуха провожая сына,

Говорила: «Смелым будь, Шамжан!»

Милая солдата целовала,

А ему на запад путь пролёг...

С той поры прошел Шамжан немало

Фронтовых обстреленных дорог.

Испытал жару, дожди, морозы.

Спал в снегах. Вперед шагал в дыму.

Беларуси белые березы

Низко в пояс кланялись ему.

Сквозь огонь бок о бок с русским братом

О себе не думая в боях,

Помогая раненным солдатам,

Шел отважный санитар-казах.

Видел он дымящиеся груды

Городов, где даже крова нет

Узнавал врага звериный след,

Рвался он просился к пулемету,

Убеждал; «В разведчики могу!»

Был ответ: «Шамжан, своей работой

Санитары тоже мстят врагу!»

И в боях зимою, весною, летом

В темноте ночей, при свете дня,

Раненных товарищей Шахметов

Выносил бесстрашно из огня.

Звал, теряя силы, тише, глуше.

И совсем умолк, но воин жил...

Полз Шамжан и лодку-волокушу

За собой он по снегу тащил,

Мины рвались слева, справа. Рядом

За снарядом снова бил снаряд.

Полз Шамжан и знал Шамжан, что надо

В эту ночь не раз пройти сквозь ад,

Проползти туда, потом обратно,

Сквозь разрывы, а поземка зла

Раненный не звал уже. Злорадно

Смерть над ним костяшки занесла.

Значит все... К Концу подходит муки.

Жить бы жить! Но хлещет кровь из ран

Вдруг его коснулись чьи-то руки

Сильные, умелые, Шамжан

Быстро наложил жгуты, повязки,

Раненного в лодку уложил.

Захватил его винтовку, каску.

Понял тот, что будет жить. И жив.

Так в боях зимою, весною, летом

В темноте ночей, при свете дня,

Раненных товарищей Шахметов

Выносил бесстрашно из огня.

Если надо, в пекло шел и реки

Значит крепок в этом человеке

Воли несгибаемый металл.

В жарких битвах трижды был он ранен

Но зато от смерти скольких спас!

Я в землянке тесной о Шамжане

Услыхал и записал рассказ.

Евгений Горбань, адрес редакции: Полевая почта 0290 38-К

Сонымен қатар ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «За Отвагу» медалімен, «Отличник санитарной службы» белгісімен марапатталды.

1945 жылы атам соғыстан кейін оралып, Жаңажол ауылында қызмет еткен. Қиын кезде көмек сұрап келген жанға әрдайым қол ұшын созған. Атамның табиғатынан аса дарынды қабілеті бар еді. Ол буынның шығып кетуі мен түрлі сүйек сынығын емдей алатын сынықшы болған. Атам ауылда аса қадірлі, құрметті қария болды.

Авторы: немересі Шахметов Азамат