Хабар телеарнасы

Төлеубаев Құсман (1916-1997 жж.)

Төлеубаев Құсман (1916-1997 жж.)

Менің әкем Төлеубаев Құсман 1916 жылы 15 наурызда Көкпекті ауданы, №3 ауылда өмірге келген. Ұлты – қазақ. Он бала (6 ұл, 4 қыз) тәрбиелеп өсірді. Жұбайы Төлеубаева Райхан Қайролапқызы тыл және еңбек ардагері, «Батыр ана», «Алтын алқа» иегері, 2012 жылы 90 жасында дүниеден озды.

1929 жылдан бастап Көкөзек ауылында колхоз мүшесі шопан болып еңбек жолын бастады. 1941 жылы 27 наурызда әскер қатарына шақырылған. 1941 жылдың қыркүйегінен бастап 1942 жылдың 13 желтоқсанында ауыр жарақат алғанына дейін 1006-атқыштар полкінде мерген (стрелок) болып шайқасқан. Тульск қаласында госпитальда емделіп, 1943 жылы «За Отвагу» медалімен марапатталып, ауылға оралды. Сол кезден бастап еңбек жолын қайта жалғастырды.

1946 жылы 23 қыркүйекте «За Доблестный труд в Великой Отечественной войне» медалімен марапатталды.

1956 жылы 14-25 маусым аралығанда «Новая жизнь» колхоз атынан Москва қаласындағы көрмеге шақырылды.

1957 жылы 2 қыркүйекте Кеңес Үкіметінің ауыл шаруашылығы Министрі атынан «Отличник Социалистического соревнования» атағы берілді.

1958 жылы 23 тамызда Қазақ ССР Жоғарғы президиумының «Социалистік мал шаруашылығына еңбегі сіңген Мастері» атағы берілді.

1958 жылы 29 наурызда елеулі еңбегі үшін «Знак Почета» орденімен марапатталды.

1964 жылы 7 қарашада «Коммунистік еңбек екпіндісі» деген атақ берілді.

1964 жылы Мәскеу қаласында болған ВДНХ көрмесінің қатысушысы.

1964 жылы, 1971 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің делегаты болды.

1965 жылдың наурыз айынан бастап Коммунистік партияның мүшесі болды.

1957-59 жылдары Ириновка ауылдық округінің депутаты болды.

1965 жылы Панфиловский сайлау округінің депутаты, 1969 жылы Науалы ауылдық советінің депутаты болды

1966 жылы 22 наурызда «Трудового Красного знамени» орденімен марапатталды.

1971 жылы 8 сәуірде «Знак Почета» орденімен марапатталды.

1971 жылы Москва қаласындағы көрменің қатысушысы ретінде бекітілді.

1972 жылы зейнетке шықты.

1976 жылы 17 тамызда «Ветеран труда» медалімен марапатталды.

Жоғары атақ «Ударник коммунистического труда» берілді.

Көптеген мақтау қағазымен марапатталып, облыстық «Ертіс», аудандық «Красная знамя» республикалық басылымдарда іс-тәжірибесі жарияланды.

Ұлы Отан соғысының 20 жылдығына, 30 жылдығына, 35 жылдығына, 40 жылдығына, 50 жылдығына арналған мерекелік медальдармен наградталды.

1985 жылы 14 наурызда «Отечественной войны І степени» орденімен марапатталды.

1988 жылы «Совет Одағының әскеріне 70 жыл» медалімен марапатталды.

1995 жылы 26 мамырда Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалімен марапатталды.

1997 жылы 14 қазанда 83 жасында Үржар ауданы, Көкөкзек ауылында өмірден озды.

Авторы: Тюлюбаева Гульгайша Кусмановна