Хабар телеарнасы

Ақжігітов Оспан (1939-1988 жж.)

Ақжігітов Оспан (1939-1988 жж.)

Ұлы Отан соғысының ардагері Ақжігітов Оспан

Ақжігітов Оспан 1919 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы, Сайғонды ауылдық кеңесінде қазіргі Шөмішкөл ауылында дүниеге келген. Әкесі – Ақжігіт, анасы – Злиха. Оспан атаның ағасы Ақжігітов Мерей 1916 жылы дүниеге келген. Ол кісі де майдангер. Ол кісінің ұрпақтары жоқ. Соғыстан қайтып келе жатқанда қайтыс болған.

Оспан ата Шөмішкөл ауылында бастауыш білім алған. Мешітте парсы тілінде сауатын ашқан. 1939 жылы әскер қатарына алынып «Фин»соғысына қатысқан.1941 жылы Ұ ОС аттанып кеткен.1944 жылы елге қайтар сәтте фашистер басып кіреді, сөйтіп немістердің тұтқыны болады. Біраз уақыт өткен соң лагерьден қашып шығады.

1945 жылы жараланып, Беларусь госпиталіне түседі және сол жылы елге оралады. 1946 жылы Сәнікүл әжемізбен отау құрады. Сәнікүл әжеміз – соғыс жылдарында балық аулаған тыл ардагері. Ол кісілер бес ұл, алты қыз тәрбиелеп өсірген. Оспан ата соғыстан келген соң зейнет жасына дейін балық шаруашылығымен айналысқан. 1988 жылы шілде айында 69 жасында қайтыс болған.

Автор: Нұрдос Оспанов, Ақжігітов Оспанның немересі, Қызылорда облысы Арал ауданы, Шөмішкөл ауылы