Хабар телеарнасы

Убаев Қожабай

Убаев Қожабай

Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат!

Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Менің майдангер атам Убаев Қожабай 1923 жылы дүниеге келген. 1942 жылы өз еркімен Арал аудандық әскери комиссарият арқылы соғысқа аттанып, 6 ай Ақмола қаласында дайындықтан өтіп, Белоруссия майданында 314 атқыштар дивизиясында алғашқы ұрысқа түскен. Смоленск, Минск, Кенигсберг қалаларын азат етуге қатысып, екі рет жарақаттанды. Варшава қаласы түбіндегі шайқаста екі аяғынан қатты жарақаттанып, әскери госпитальға түседі. Осындай қайсарлықпен Ұлы Жеңісті 1945 жылы сол қаладағы әскери госпитальда қарсы алған. Елге 1946 жылы оралады.

Атам «Ерлігі үшін», «За боевые заслуги», «Германияны алғаны үшін» медальдарымен және «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен марапатталған.

Осындай сұрапыл отты жылдарда әділеттілік пен ар намысты ту еткен сіздей ардагер атам болған! Мен тәуелсіз қазақ елінің бақытты ұланымын! Біз әрқашан сіздің ерлік, батырлығыңызды, неміс фашистермен бетпе–бет келіп, тайсалмай шайқасқан ерлігіңізді мақтан етеміз!

Бұл күнді сіздің және майдандастарыңыздың арқасында қайсар ерлікпен келгенін мәңгі есте сақтаймыз!

Майдангерлер рухы мәңгі жасай берсін!

Авторы: 5-сынып оқушысы Лепес Расул, Убаев Қожабай атаның шөбересі