02:00Эфирде: ҚР Әнұраны
06:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Басықараев Қожахмет (1920-2005 жж.)

Басықараев Қожахмет (1920-2005 жж.)

Ұлы Жеңіске жетуге өз үлесін қосқан атам туралы айтқалы отырмын. Соғыстың бар бейнетін көрген атам. Өмірінің соңына дейін соғыс кезінде жоғалған құжаттарын іздеумен өтті. Тек қана 2019 жылы көп жылғы іздеудің нәтижесінде Алматы қаласындағы мұрағаттан соғыстан кейінгі ұсталғандығы туралы мәлімет табылды.

Менің атам Басықараев Қожахмет Арал ауданы Сайғонды ауылдық кеңесінде 1920 жылы туған. Арал әскери комиссариаты арқылы 1939 жылы әскерге алынып, Эстония жерінде әскери борышын өтеп жүрген жерінде Ұлы Отан соғысы басталып, 1941 жылы маусымда жауға еріксіз тұтқын болып, Суболка қаласына апарып қамалған. Одан кейін Гомель қаласына апарылып, ағаш кесу жұмысында істеген. Мұстафа Шоқай келіп ажалдан арашалап алған. 1946 жылдың желтоқсанында тұтқыннан босап елге келген соң, Түркістан әскери округінің трибуналы 15 жылға соттап, сол жазаны Норильск қаласында өтеген. 1955 жылы  қаңтарда толық ақталып шыққан. Ол туралы мәліметті  https://memorial.krsk.ru/martirol/bas_bat.htm көруге болады.

Қызылорда облысында шыққан «Боздақтар» кітабында атам туралы мәлімет бар. Біздің бала кезімізде өзінің соғыстағы ерліктері туралы айтып отыратын. Атам 2005 жылы дүниеден өтті. Мен атамның соғыс ардагері болғанын мақтан тұтамын. Атамның ерлігі мен өшпес бейнесі мәңгі менің жадымда болады.

Авторы: Махабат Қайсар Жандосұлы, Қожахмет атаның шөбересі

Сондай-ақ...

Серіктестердің жаңалықтары