Хабар телеарнасы

Айтуғанов Төлеубай (1923-1967 жж.)

Айтуғанов Төлеубай (1923-1967 жж.)

Айтуғанов Төлеубай Мырзалыұлы 1923 жылы Сайғонды ауыл советі Шөмішкөл колхозында дүниеге келген. Ол кісі 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысып,1944 жылы аяғына оқ тиіп, жарақат алып, ауылға аман –есен оралған. Ауылға келгеннен кейін Шөмішкөл мектебінде мұғалім болып, содан ауылдағы және Ақшатау, Шыбықты елді мекендеріндегі дүкенде меңгеруші болып қызмет етеді. Аяққа тиген оқтың зардабынан 1967 жылы 44 жасында дүниеден өткен.

Серікова Замира. Айтуғанов Төлеубайдың шөбересі.

Қызылорда облысы Арал ауданы Шөмішкөл елді мекені