Хабар телеарнасы

Джумамадин Сармантаев

Джумамадин Сармантаев

Менің атам Джумамадин Сармантаев 1921 жылы 5 мамыр күні Қазалы ауданының №5 ауылында дүниеге келген. 1939 жылы қызыл әскер қатарына шақырылып, Халхин Голда қызыл әскер қатарында кавалерист болған, кейін Украина жерінде әскери қызметін жалғастырады.

Ұлы Отан соғысын осы Украина жерінде қарсы алып, алғашқы күндері ауыр жарақат алады. 1941 жылы Артиллерия училищесінің жедел курсын бітіріп, лейтенант шенінде артиллерия батареясы командирі болып, Сталинград шайқасына алғашқы күннен қатысады. Сталинград шайқасында Генерал Чуйковтың 62 Армия қатарында неміс Армиясы генерал Паулюс әскерін қоршауға қатысады.

Бірінші Украина фронты қатарында Украинаны азат ету кезінде Житомир қаласын алар кезде тағы жарақат алады. Сонымен қатар Чехославакияны және астанасы Прага қаласын, Литва, Польша мемлекеттерін азат етіп, Шығыс Пруссиядағы Кенинсберг (қазіргі Калининград) қаласын алуға қатысады.

Жеңіс күнін 1945 жылдың май айында Германияның Бернау қаласында қарсы алады. Соғыс біткен соң 1945 жылы желтоқсан айына дейін Польша мемлекетінде Вроцлав қаласының комендатурасында капитан шенінде әскери қызметін жалғастырады. Соғыста алған ауыр жарақатына байланысты әскери қатарынан капитан шенінде демобилизация болады. Елге 1946 жылы оралып, Қазалы қаласында военком болады. Сол жылы анамыз Махамбетова Рахиламен отау құрып, 5 баланы тәрбелеп өсіреді. 1955 жылдан бастап Қазалы ауданында ауыл шаруашылығында Қазалы совхоз техникумында қызмет атқарып, 1981 жылы зейнетке шығады. Ол «Прага қаласын азат еткені үшін», «Германияны азат еткені үшін», «II дәрежелі Отан соғысының ордені», сондай-ақ бірнеше медальдарымен және Құрмет грамотасымен марапатталған.

Бiз атамызды жақсы көреміз және мақтан етеміз.

Авторы: Виктория Жұмамадинова