Хабар телеарнасы

Мырхы Асанбаев

Мырхы Асанбаев

Ұлы Отан соғысының ардагері сол зұлматта жан аямай шайқасқан менің атам Асанбаев Мырхы Досымұлы бес бала тəрбиелеп, отбасының тірегі болған. Ардақты əкенің өнегесін көріп өскен перзенттері асқар тауын сағынышпен еске алудан ешқашан талмас.

Балалық шағы қиын қыстау кезеңге тұспа-тұс келген Екінші дуниежүзілік соғыс жылдары елін жаудан қорғаған менің атам барлық бүлдіршіндердің бақыты үшін курескені анық. Ол 18 жасында 1941жылы əскер қатарына алынды, Сталинград үшін аянбай шайқасты. 1943 жылы оқ тиіп, қатты жараланып, Ростов облысындағы Матвеев-Курган р-н госпиталіне түсіп, бір көзінен айырылды. Атам Мырхы сол майданда көптеген орден, медальдармен марапатталған. Соның бірі – І дəрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені. Соғыстан кейін совхоздың жағдайы, халықтың тұрмысы өте ауыр еді. Өз елінің өркендеуі жолында тер төккен, ел басына күн туған шақта отқа түскен атам 1998 жылы 75 жасында дуниеден өтті. Оның өнегелі өмірі ел есінде. Əр жылы 9 мамыр күні атамызды еске алып отырамыз. Мен атамды көрген жоқпын, осы нақты деректерді соғыстағы ерліктерін, жүріп өткен жолдарын, алған марапаттарын Мəскəудің мұрағатынан алдым. Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз! Жаныңыз жәннатта болсын. 

Авторы: немересі  Әсел Мырхыева