Хабар телеарнасы

Күз ортасына жетпей, күн суытты

Кеше Шымкентте нөсер жаңбыр жауып, арты қарға айналды. Көше бойындағы арықтарға су толып, ернеуінен асып, кей жерде жүргіншілердің тізесінен келетін су жиналған. 

Ал бүгін аспан ашылып, күн біршама жылыды. Тосын ауа райы тараздықтарды да біраз әбігерге салды. Алдымен жаңбыр, артынша жапалақтап жауған қар қаладағы ағаштарды сындырып, электр және телефон желілерін зақымдаған. Кейбір көшелерде  құлаған ағаштар жолдарды жауып, көлік қозғалысына кедергі келтірді. 

Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша 7 автокөлік тал астында қалыпты. 

Ал кеше ғана ауа райы +15 градус шамасында болған Алматыда бүгін күн күрт суытып, қар жауды. Синоптиктер түнде 6 градусқа дейін суытады деп ескертіп жатыр.