Хабар телеарнасы

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген аймағында ауа райы тұрақсыз болады

Ләззат Керімова, жетекші инженер-синоптик
-Кеше Жамбыл облысында кей жерлерінде өте қатты жел соқты. Бұл желдің қатты соғуы солтүстіктен шыққан суық ауа массасы мен оңтүстіктен шыққан жылы ауа массасының салдарынан ауа температурасының өзгерісі байқалды. Сол себептен Жамбыл облысында өте қатты жел тұрды. Екпіні кей жерлерде 35 метр секундқа дейін барды. Осындай желдің ұйытқуы бүгін Алматы облысы мен ШҚО-да сақталады.
 
Жүргізуші
-Алдағы тәуліктерде дәл осындай ауарайы сақталады ма? Болжамдарыңыз қандай? 
 
Ләззат Керімова, жетекші инженер-синоптик
-«Қазгидрометтің» болжауы бойынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген аймағында ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде жауын-шашын жауып өтеді. Ал мұндай ұйытқымалы жел алдағы тәулікте күтілмейді.