Хабар телеарнасы

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман,  жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, түнде  жел 15-20 м/с күшейеді. 

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын болады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жаяу бұрқасын болады. 

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болады.