Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады

Қостанай, Солтүстік Қазақстан,  Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, күндіз Ақмола  облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Түнде кей жерлерде тұман, күндіз  жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысында кей жерлерінде түнде тұман,  жел 15-20, күндіз 22-23, екпіні 30 м/с күшейеді.  Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел түнде 15-20, күндіз 22-23, екпіні 30 м/с күшейеді. 

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ,  Қызылорда облысының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Дереккөз: emer.gov.kz