Хабар телеарнасы

Еліміздің кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін

Еліміздің кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін

Оңтүстік аймақтарда жауын-шашын болады. Тек республиканың солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел 15-22 м/с  күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді, тұман болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз  жел 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде жел 15-20м/с күшейеді. 

Ақтөбе, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, түнде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз тұман, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м /с күшейеді. Ақмола, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.