Хабар телеарнасы

Республиканың оңтүстік аудандарында тұрақсыз ауа райы сақталады

Республиканың оңтүстік аудандарында тұрақсыз ауа райы сақталады

Облыстардың басым бөлігінде тұман күтіледі. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман,  көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Қарағанды облысының түнде кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.

Дереккөз: emer.gov.kz