Хабар телеарнасы

Республиканың оңтүстік бөлігінде және батыста тұрақсыз ауа райы сақталады

Республиканың оңтүстік бөлігінде және батыста тұрақсыз ауа райы сақталады

Көптеген облыстарда тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан  облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің 18-23 м/с күшеюі күтіледі. 

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман,  көктайғақ күтіледі. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 17-22 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді, жолдарда көктайғақ болады. 

Күндіз Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.