Хабар телеарнасы

Қазақстанның барлық аумағында нағыз қысқы ауа райы орнады

Қазақстанның барлық аумағында нағыз қысқы ауа райы орнады

Алдағы демалыс күндері республикада аяз арктикалық ауаның жаңа үлестерінің келуімен күшейетін болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі температура 30-35º, кей жерлерде 40 ºС аяз, батыста 20-28 ºС  аяз күтілуде.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да суық, қар жауу, кей жерлерде өте күшті шығыстық жел, боран күтілуде. Ауа температурасы алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аумағында климаттық мәннен төмен 13-20ºС сақталады.

Дереккөз: kazhydromet.kz