Хабар телеарнасы

Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашын болады

Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашын болады

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 

Павлодар облысында жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.  Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман болып, жел 17-22 м/с күшейеді.  

Жамбыл  облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. Атырау облысыың кей жерлерінде бұрқасын болады. Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-18 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман болады.