×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 94
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

  • Категория: Ауа райы
Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Фото: Фото: RussInfo.net

Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде  атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Тек оңтүстік шығыс аумақтарында ауа райы жауын-шашынсыз.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын болады. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болып, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

 

Сондай-ақ...