Хабар телеарнасы

Қазақстан барлық аймақтарында қар жауып, жел күшейеді

Қазақстан барлық аймақтарында қар жауып, жел күшейеді

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста  ауа райы жауын-шашынсыз. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.