Хабар телеарнасы

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады

Алматы облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола,  Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады. 

Ақтөбе,  Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.  

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.