Хабар телеарнасы

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Ақмола,  Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып,  жел 15-20 м/с  күшейеді.  

Алматы облысының кей жерлерінде  тұман, көктайғақ болады, түнде жел 18-23 м/с күшейеді.  

Жамбыл облысының  кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі,  жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 күшейеді.  

Оңтүстік Қазақстан облының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын  күтіледі, жел 15-20 м/с  күшейеді.  

Қызылорда  облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып,  жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының  кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 

Атырау, Батыс Қазақстан обылыстарының   кей жерлерінде  бұрқасын,  көктайғақ болып, жел 15-20  м/с күшейеді. 

Павлодар облысында бұрқасын, кей жерлерінде қатты болады, жел 17-22, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.