Хабар телеарнасы

Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.  

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейіп, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Ақтөбе облысында, түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.