Хабар телеарнасы

Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қостанай облысының кей жерлерінде, жаяу бұрқасын, кей жерлерінде күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман болады. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде  көктайғақ, бұрқасын  болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 18 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, түнде және таңертең туман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.