Хабар телеарнасы

Демалыс күндері республиканың көптеген облысында қар жауады

Демалыс күндері республиканың көптеген облысында қар жауады

Оңтүстік облыстарында демалыс күндері оңтүстік циклонмен байланысты атмосфералық фронттың әсерінде болады. Мұнда қатты қар жауып, тұман, көк тайғақ және әр жерде 18-25 м/с қатты жел тұрады.

Күрделі ауа райы Алматы облысының Қысқы Универсиада өтіп жатқан таулы және тау маңындағы аудандарда күтілуде. Сенбі күні осы ауданда қатты қар жауып, тұман, екпінді жел күтілуде.

Циклон тылында суық антициклон басталады, онымен бірге республика аймағында жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының климаттық нормадан 3-5ºС-ға төмендеуі күтіледі. Алайда бұл салқындау аз уақыт қана болады. Өйткені келесі циклон 6 ақпан күні Қазақстанның батысына бет алады, онымен бірге температура қайта көтеріледі.