Хабар телеарнасы

Республиканың көптеген облысында қар жауады

Оңтүстік облыстарында демалыс күндері оңтүстік циклонмен байланысты атмосфералық фронттың әсерінде болады. Бұнда қатты қар жауады, тұман, көк тайғақ және әр жерде 18-25м/с қатты жел тұрады.

Күрделі ауа райы Алматы облысының Қысқы универсиада өтіп жатқан таулы және тау маңындағы аудандарда күтілуде. Сенбі күні осы ауданда қатты қар жауып, тұман, екпінді жел күтілуде.