18:00Эфирде: Мегахит «Всегда верен»
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 94
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Еліміздің басым бөлігінде жел соғып, көктайғақ болады

Еліміздің басым бөлігінде жел соғып, көктайғақ болады
Фото: Фото: takefon.com

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауып, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтіледі.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасынмен желдің күшеюі сақталады. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Оңтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болып, күндіз бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Сондай-ақ...