Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасынмен желдің күшейуі сақталады. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде желдің 17-22 м/с күшейуі күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с болады, түнде Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында желдің екпіні 23 м/с болады. 

Қостанай,  Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, түнде және таңертең тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.