Хабар телеарнасы

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел жаяу бұрқасынмен, оңтүстік-батыста шаңды дауылмен күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде тұман күтіледі. 

Атырау облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел шаңды бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді.