16:00Эфирде: Телесериал «Акварели»
18:00Әрі қарай: Мегахит «Ограбление по-американски»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Еліміздің кей жерлерінде көктайғақ болып, жел күшейеді

  • Категория: Ауа райы
Еліміздің кей жерлерінде көктайғақ болып, жел күшейеді

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде аздаған қар жауады. 

Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Солтүстікте жел жаяу бұрқасынмен күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады.

Сондай-ақ...