11:00Эфирде: Кино «Ең сұлу»
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 73
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Еліміздің бірқатар облысында күн суытады

  • Категория: Ауа райы
Еліміздің бірқатар облысында күн суытады

Қазақстанның ауа райын алдағы үш тәулікте ауқымды антициклондар анықтайды.

Сондықтан көптеген облыста синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз, салқын және түнде, таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп болжауда.

Температураның төмендеуі Сібір ауа массаларының келуіне байланысты, сондықтан температура да көпжылдық орташа мәндерден 2-6ºС төмен болады деп күтілуде.

Тек республикамыздың батысында температура нормаға жуық болады.

Алдағы үш күнде астанамызда жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде -14-18°С, күндіз -5-8°С. 16 наурызда түнде және таңертең тұман болады.

Жақын күндері Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман болады. Желдің  күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -2-4°С аяз, күндіз +3+6°С жылы болады.

 

Сондай-ақ...