Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
- Категория: Ауа райы

Фото: Фото: LiveInternet
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстік-шығыс, шығыс және батысының кей жерлерінде аздаған жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман болып, желдің күшеюі сақталады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшеюі күтіледі, күндіз кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, Жамбыл облысында, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейн күшеюі күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі, түнде Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.