Хабар телеарнасы

Республиканың басым аймағында жауын-шашын күтіледі

Республиканың басым аймағында жауын-шашын күтіледі

Жамбыл облысының  кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман бақыланады. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с шаңды дауылмен күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с болады, кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Павлодар, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.