Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман бақыланады. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерінде найзағай бақыланады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады, кей жерлерінде көктайғақ бақыланады. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады. Түнде және таңертең Атырау, Акмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланады.