Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Кей жерлерде екпінді жел, тұман сақталады солтүстік-батыста және оңтүстікте көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, түнде және таңертең тұман, жел 15-20 м/с болады. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде  екпінді жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, таңертең және күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.  

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Ақтөбе облысының жекелеген аудандарында көктайғақ болады.