Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұманды болады

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұманды болады

Кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түсіп, жел күшейеді.

Тек батыс және солтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, күндіз  басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда,  Жамбыл, күндіз Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының күндіз кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.