Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. Тек оңтүстік-батыста жауын-шашын жоқ. 

Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, жел екпіні күндіз 15-20, тіпті 23-28 м/с-ге дейін жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында желдің күші 15-23 м/с-ге дейін жетуі мүмкін. Ал Батыс Қазақстан, Маңғыстау мен Алматы облыстарында күндізгі уақытта найзағай ойнайды.

Ақпарат көзі: «Қазгидромет» РМК