Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Жел екпіні күшеюі мүмкін. Оңтүстік-батыста ғана жауын-шашын болмайды. Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында желдің күші күндіз – 15-20, тіпті 23-28 м/с-ге дейін жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында жел екпіні 15-23 м/с-ге дейін жетеді. ШҚО-да да жел күшеюі ықтимал. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарында найзағай күтіледі.

Ақпарат көзі: «Қазгидромет» РМК