Хабар телеарнасы

Елімізде күн ашық болады

Елімізде күн ашық болады

Тек батыс және қиыр солтүстікте атмофералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр найзағаймен болады. Оңтүстік-батыс аймағының кей жерлерінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста тұман болады. 

Ақмола, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, күндіз Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с, тұман болады. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі.  

Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 4 градус аяз, Павлодар облысының кей жерлерінде топырақ беткейінде 2 градуска дейін үсік күтіледі. Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.