Хабар телеарнасы

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Оңтүстік-батыс аймағының кей жерлерінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста тұман болады. Ақмола, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, күндіз Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.  Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін шаңды дауылмен күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с, тұман болады. 

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі.  Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 4 градус аяз, Павлодар облысының кей жерлерінде топырақ беткейінде 2 градуска дейін үсік күтіледі. Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.