Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы ыстық болады

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы ыстық болады

«Тіпті сынап бағанасы 40 градустан асып түседі. Дәл осындай жағдай Қазақстан аумағында соңғы рет 2012 жылы тіркеліпті. Ал солтүстік және шығыс өңірлерде, керісінше, жауын-шашын жиілейді. Әсіресе бас қала тұрғындары мен қонақтарына алаңдауға еш негіз жоқ. Себебі Астанада мереке күндері ауа райы қолайлы болады», – дейді синоптиктер.

Жұлдыз Исабекова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі: 6 шілдеде Астана қаласында күндіз өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, найзағай болады, оңтүстік-шығыстан жел болады. Түнде – 13-15 градус. Күндіз – 31-33 градус. 7 шілдеде өткінші жаңбыр жауады. Түнде 19-21 болса, күндіз 33-35 градус болады.