Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, сондай-ақ Атырау, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Алматы қаласы мен Алматы облысында да найзағай ойнап, жауын-шашынның болуы ықтимал.

Күндіз Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.