Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 25 м/с-ге дейін жетуі мүмкін. Кей жерлерде бұршақ күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с-ге дейін күшейеді, таңертең кей жерлерде тұман болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. 

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге дейін жетіп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.  Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде де жел екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетуі мүмкін деп болжанып отыр. 

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.

Астана қ: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні – 9-14 м/с. Ауаның  температурасы түнде +9+11°С, күндіз +20+22°С болады. 

Алматы қ: көшпелі бұлтты, түнде өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел екпіні – 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С болады, деп хабарлайды kazhydromet.kz.