08:00Эфирде: Мегахит. "Техасский рейнджер"
10:00Әрі қарай: "Спорт тайм"
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 138
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

  • Категория: Ауа райы
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Қазақстанның  басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді, солтүстіктің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.  Тек республиканың батыс және оңтүстігінде  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ақмола, Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
 
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, Алматыда қатты ыстық күтіледі.
 
Оңтүстік Қазақстан, Кызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
 
Астана қ: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыс, солтүстіктен соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +11+13°С, күндіз +22+24°С болады.
 
Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы. Жел 0-5 м/с болады деп күтіледі. Ауаның температурасы түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С болады.                                                               
 

Сондай-ақ...