Хабар телеарнасы

Еліміздің бірқатар аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің бірқатар аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады

22 шілдеде Оралдан Батыс Сібірге ауысқан циклонмен республиканың солтүстігіндегі ауа райына ықпал ететін атмосфералық ағындар өзара байланысты болады. Ағынның шығысқа жылжуына қарай олар өткінші жауынға ұласып, күн күркіреп, жел тұрады. Бұршақ жаууы да мүмкін. Қазақстанның оңтүстік бөлігі бұрынғыша жоғары атмосфералық қысым аумағында болады. Ыстық сақталып қана қоймай, күшейе түседі. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста температура – 33-38º С, кей жерлерде – 42º С, оңтүстік-шығыста және орталықта 30-38º С болады. 

Астанада 22 шілдеде ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады – 7-12 м/с. Түнде температура – +14+16° С, күндіз – +28+30° С. 

Алматыда 22 шілдеде бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні – 0-5 м/с. Түнде температура – +18+20° С, күндіз – +32+34° С.