Хабар телеарнасы

Еліміздің бірқатар өңірінде күн салқындайды

Еліміздің бірқатар өңірінде күн салқындайды

Кей жерлерде екпінді жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстікте сынап бағанасы 18-23 градусқа дейін төмендесе, кей жерлерде 26 градус шамасында. Ал елдің батыс, шығыс және оңтүстік бөлігінде 30-38 градус ыстық болады. Ал Алматы қаласында тамыздың 9-ында күн ашық, алайда 10-ы күні өткінші жаңбыр жауады. 

Айнұр Қайыңбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі: 

- Астана қаласы бойынша 9 тамызда көшпелі бұлт шығып, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауаның температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус.