Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с жетеді. Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында тұман болады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде 2 градусқа дейін үсік жүру қаупі күтіледі.

Ақпарат көзі: kazhydromet.kz